Лечение вросших ногтей
Тырнақтың енуі (вросший ноготь) – тырнақ пластинасының тырнақ жиегінің жұмсақ тініне енуінен пайда болатын, ауырсыну мен қабынуға алып келетін жиі кездесетін мәселе.
Көбінесе бұл жағдай аяқтың бас бармағында кездеседі.
Аурудың пайда болуына тұқым қуалаушылық, сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді, атап айтқанда:
1. Аяқ киім:
а) Дұрыс таңдалмаған аяқ киім (платформа, өкше) жүру кезінде тырнаққа артық қысым түсіріп, оның жылжуына әкеледі.
б) Тым тар, үшкір тұмсықты, табаны жалпақ аяқ киім аяқтың бұлшық еттерін керіп, буындар мен тырнақ пішінінің өзгеруіне себеп болады.
в) Ылғал тартқыш аяқ киім.
2. Тар колготкилер – тырнақ иілу нүктесіне қысымды арттырады.
3. Аяққа дұрыс күтім жасамау – тырнақ бұрышын дұрыс кеспеу.
4. Тұқымқуалаушылық, генетикалық бейімділік – тырнақтың трапеция тәрізді пішіні, саусақтың тым ұзындығы, саусақтардың бір-бірімен айқасуы.
5. Тырнақтың дұрыс өспеуі (қайырылған, бұралған тырнақтар, псориаз).
6. Аяқтың жарақаты, аяқ формасының немесе тырнақ пластинасының деформациясы.
7. Егде жастағы адамдарда тырнақ құрғайды, оралып, қалыңдайды – бұл да енуге алып келеді.
**8. Қант диабеті, артық салмақ, буын аурулары (ревматоидты артрит), спортпен шұғылдану, жүктілік, ұзақ уақыт дәрі қабылдау (21 күннен артық).
Бүгінгі таңда тырнақтың енуін емдеудің бірнеше әдістері бар. Біз ең тиімді әдістерді ұсынамыз – BS пластинасы мен 3ТО скобасы.
BS-пластина – арнайы желіммен тырнаққа бекітілетін шыны талшықтан (файбергласс) жасалған серпімді пластина.
BS-пластинасы тартылу күші арқылы тырнақтың өсу бағытын біртіндеп түзетеді. Орнатылғаннан кейін тырнақ пластинасына түсетін қысым азайып, ауырсыну, қабыну, ісіну жойылады. Тырнақтың дұрыс өсуі қалпына келеді.
BS-пластинаның артықшылықтары:
1. Орнату процедурасы ауыртпалықсыз;
2. Тегіс пішіні мен аяқ киімде қолайсыздық тудырмайды;
3. Тырнақ пішінін 90%-ға дейін қалпына келтіреді (операциядан кейін бұл көрсеткіш 63%);
4. Жұмысқа жарамдылық сақталады (операциядан кейін кемінде 14 күн қалпына келу қажет);
5. Пластинаны кигенде қолайсыздық болмайды;
6. Көзге көрінбейді. Орнатылғаннан кейін 24 сағаттан соң тырнақты лакпен бояуға болады;
Толық ем курсын (9–18 ай) өтіп, маманның барлық кеңестерін сақтау қажет. Жеңіл жағдайларда тырнақ 9 айда толық өсіп шығады. Тағы бір ем әдісі – 3ТО скобасы. 3ТО скобасы – ортасында ілмек арқылы тартылу күші реттелетін, үш бөліктен тұратын серіппелі болат сымнан жасалған құрылғы.
3ТО скобасының артықшылықтары:
1.
Ену проблемасын 90%-ға дейін түзетеді;
2. Орнатылғаннан кейін бірден ауырсыну басылады немесе толық жойылады;
3. Қабынған немесе сезімтал тырнақ жиегіне де орнатуға болады;
4. Орнату кезінде ауырсыну болмайды;
5. Скобаның иілу күшін жеке реттеуге болады;
6. Тырнақтың өсу бағыты біртіндеп түзетіледі.
3ТО скобасы ең жақсы нәтижелерді дұрыс тырнақ күтімі мен ыңғайлы аяқ киімді бірге қолданғанда береді.
Біздің салондарда бұл қызметтер неміс технологиясы бойынша жүргізіледі.
Тырнақ енуін емдеу әдісін анықтау үшін міндетті түрде мамандарымыздың кеңесіне жазылу қажет.
Кеңеске жазылу алдын ала жүргізіледі.


